(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «2025-2027 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ»...

2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-1 шешімі

 

Осы редакция 2025 жылғы 12 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1. 2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер - 445 857 892 мың теңге:

салықтық түсімдер - 117 235 533 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 1 938 227 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 36 055 мың теңге;

трансферттер түсімдері - 326 648 077 мың теңге;

2) шығындар - 443 545 230 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 16 917 867 мың теңге:

бюджеттік кредиттер - 28 586 070 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 11 668 203 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 14 605 205 мың теңге:

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 14 605 205 мың теңге:

қарыздар түсімі - 27 263 070 мың теңге;

қарыздарды өтеу - 12 657 865 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

2. 2025 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасына сәйкес және осы шешімнің 3, 4, 5, 6, 7-тармақтарына сәйкес қалыптастырылады.

3. Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 6, 9, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 26-баптары қаперге және басшылыққа алынсын:

1) 2025 жылға арналған облыстық бюджетте республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттердің түсімі мен кредиттер ескерілсін:

ішкі істер органдарының азаматтық қызметшілері қатарындағы медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеруге;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.